Петропавлда 12 үйді су басты

Петропавлда еріген қар суы 12 үйге кірді. Ал ikomek орталығына 100-ден астам өтініш келіп түскен, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Көктем келіп, қар еріп, қала тұрғындарын әбігерге салуда. Оның үстіне екі күн бойы жауған жаңбыр да жағдайды ушықтырып отыр.

«Сәуірдің 28-і 10 үйді еріген қар суы басты. Ал 29-ы күні түнде су тағы екі үйге кірді. Бұл үйлердің көбі төменде орналасқан. Мамандар тәулік бойы жұмыс істеп, 40 мотопомпамен суды сорып жатыр. Жалпы, 105 адам мен 60 техника жұмылдырылған», – деп мәлімдеді Петропавл қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтулова.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда әкімдер электросамокаттардың жүрісін реттейді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x