СҚО-да Есіл өзенінде балық қырылып жатыр

Сергеев су торабының төменгі бөлігіндегі Есіл өзенінде балық қырылған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Аталған учаскеге бірден СҚО бойынша экология департаменті, Есіл бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, СҚО әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, Шал ақын ауданының ветеринариялық қызметі, «Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС қызметкерлерінен тұратын жұмыс тобы барған. Олар жағаға шығып қалған 40 келіге жуық көксерке және лақа балықтарының өлекселерін анықтады.

«СҚО бойынша экология департаментінің қызметкерлері су сынамаларын алды, ветеринарлық қызмет мамандары зертханалық зерттеулер жүргізу үшін балықты іріктеді. Жергілікті атқарушы органдар санитарлық нормаларды сақтай отырып, кейіннен кәдеге жаратумен өлі балықтардың ұшасын жинау жұмыстарын ұйымдастырды. Балықтың не себепті қырылғаны, әзірге белгісіз. Ол тиісті зерттеулерден кейін анықталады» – делінген облыстық экология департаментінің баспасөз қызметі ұсынған хабарламада.

Тағы оқыңыз: Петропавлда бір баланы мектепке дайындау үшін қанша қаржы керек?

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x