Петропавлда бір баланы мектепке дайындау үшін қанша қаржы керек?

Жаңа оқу жылының басталуына аз ғана уақыт қалды. Сондықтан ата-ана баласын мектепке дайындау үшін сауда орындарды мен базарларды аралап жүр. Жалпы биыл бір баланы киім-кешек және оқу құралдарымен қамтуға қанша қаржы керек? Оны Qazaqstan Media тілшісі анықтады.  

Бүгіндері қаладағы сауда орындары мен базарлардың маңында баласын жетектеген ата-ананы жиі кездестіруге болады. Жаңа оқу жылы қарсаңында олар мектепке қажетті киім-кешек пен оқу құралдарын түгендеп әлек. Әрине, әр адам қалтасына қарай көсіледі. Дегенмен, біздің тілшілер  ата-аналармен тілдесіп, бір оқушыны оқуға дайындау үшін қанша қаржы қажеттігін анықтап көрді.

«Қазір бір балаға кем дегенде 100 мың теңге кетеді. Оның мектепке киетін көйлегі, шалбары, аяқ-киімі, екінші аяқ-киімі, спорттық киімі, кроссовки, құрал-жабдықтары бар. 3 баланың анасымын. Кенже баламды қаламыздағы «Дарын» мектебіне бердім. Шалбары және жилеткасы 19200 болды. Ал, үлкен қыздарым былтырғы мектеп формасын киеді. Оқу жылына енді ғана қамданып жатырмыз. Әлі 3 баламның мектепке киетін киімдерін, аяқ-киімдерін алуым керек. Тағы кеңсе тауарлары бар. Олардың бағасын әлі көрген де жоқпын», – дейді қала тұрғыны Нұргүл Шәріпова.

«Алтын Арман» базарының ішінде және сыртында орналасқан сауда нүктелерінің бағалары әртүрлі. Сырттағы нысандардағы қарапайым ақ жейденің құны 8-12 мың теңгені құраса, ғимараттың ішінде дәл сол киім 15-20 мың теңгеге дейін барады. Спорттық аяқ киім 6-7 мыңнан, қыз бала мен ер баланың туфлилері 9-10 мыңнан басталады.

«Көбінесе мектепке дайындықты сауда орталықтарынан бастаймын. Мысалы, «Тайга», «Алтын арман» базары, «Мир одежды» сауда нысандары, «Апорт» сауда үйі және т.б. Шалбар – 9000 теңге, пиджак – 10000 теңге, ақ жейде – 8000 теңге, аяқ-киім – 10000 теңге, кроссовки – 9000 теңге, спорт киімі – 20000 теңге. Мектеп сөмкесі – 9500 теңге, кеңсе тауарлары – 17000 теңге. Барлығы – 92500 теңге болды», – дейді қала тұрғыны Мерей Сұңғатова.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 12 адам қызылша жұқтырды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x