СҚО-да экономикалық тергеу қызметінің бұрынғы қызметкері ұсталды

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг Агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті экономикалық тергеу қызметінің бұрынғы қызметкері Д. Тампиевты ұстады. Ол сыбайлас жемқорлық фактісін жасырды деген күдікке ілігіп отыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Д.Тампиев Петропавл ауыр машина жасау зауытының лауазымды тұлғалары 45 млн теңге көлемінде пара алғаны туралы білсе де, бұл фактіні азаматтық-құқықтық мәміле түрінде жасыруға тырысты деген күдікке ілінді.

«Д.Тампиев зейнеткерлікке шыққаннан кейін адвокаттық практикамен айналысып жүрді. Сондай-ақ, елордалық адвокаттар алқасының мүшелерінің қатарында. Әлеуметтік желілерде оны ұстау кезінде осы қылмыстық іс бойынша қорғаушы мәртебесіне ие болмады деген ақпарат тарауда. Алайда, бұл шындыққа жанаспайды», – деп таратты баспасөз қызметінің өкілдері.

Д. Тампиев 2 айға қамауға алынды. Аталған фактіге қатысы бар деген тағы екі адамға осындай жаза қолданылды. Қазір істің анық-қанығына көз жеткізу үшін тергеу амалдары жүргізілуде.

Тағы оқыңыз: Такси жүргізушілері салық төлейтін болады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x