Петропавл тұрғыны көшеден оқ салынған пакет тауып алды

Петропавл қаласының тұрғыны көшеден жауынгерлік патрондарға ұқсас зат толған пакетті тапты. Жағдай Ғ.Мүсірепов пен Жамбыл көшелерінің қиылысында тіркелген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

35 жастағы қала тұрғыны жолдан мылтықтың оғына ұқсайтын заттар салынған пакетті көре сала полицейлерге хабар берген. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді. Белгілі болғандай, ішінде 11 оқ-дәрі салынған. Сараптама нәтижесі олардың 5,56х45 және 7, 62х39 калибрлі патрон екенін көрсеті. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

«ҚР ҚК 278-бабының 3-бөлігінің санкциясына сәйкес атыс қаруын (тегіс ұңғылы аңшылық қарудан басқа) және оқ — дәрілерді заңсыз сақтау-5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін не 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады. Сондай-ақ, тіркелген қаруды қылмыстық ортаға түсу қаупін азайту үшін оны қауіпсіз сақтау қажеттілігін еске саламыз», – дейді қалалық ПБ бірінші бөлімінің бастығы Тілеген Әлжанов.

Тағы оқыңыз: СҚО-да экономикалық тергеу қызметінің бұрынғы қызметкері ұсталды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x