СҚО-да екі аудан орталығын байланыстыратын жол қалыпқа келтірілуде

Облыс орталығынан шалғайда жатқан Ақжар мен Уәлиханов аудандарын байланыстыратын жол учаскесінде жөндеу жұмыстары басталды. Мұндай қуанышты жаңалықты облыс әкімі Айдарбек Сапаров өзінің Telegram каналында жариялаған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өңір жетекшісі Айдарбек Сапаров жұмыс сапарымен Ақжар және Уәлиханов аудандарына барды. Ең алдымен ол Бидайық ауылының тыныс-тіршілігімен танысып, тұрғындармен кездесті.

СҚО-да екі аудан орталығын байланыстыратын жол қалыпқа келтірілуде

Биыл елді мекенді ауыз сумен қамту мәселесі жолға қойылып, желілерді тарту жұмыстары басталған. Сондай-ақ, көшелерге асфальт төселіп, білім ошағын жөндеуге қаржы қарастырылмақ.

«Ақжар ауданындағы шекаралас Восход ауылының тұрғындарымен өткен кездесуде де біраз мәселелер шешімін тапты. Халықтың көкейінде жүрген мәдениет үйінің акт залын жөндеуге қаржы бөлінеді. Ауылдың негізгі көшелері жөнделіп, мектеп те жаңартылмақ. Ұлттық жоба аясында келесі жылы медициналық пункт салынады. Ауылда кәсіпкерлік те дамуда, мұнда наубайхана ашылып, тұрғындарды нан және кондитерлік өніммен қамтамасыз етуде», – деп жазды Айдарбек Сапаров.

Жазбада тағы бір жағымды жаңалық жазылған. Уәлиханов пен Ақжар аудандарының тұрғындары көптен күткен Талшық пен Кішкенекөлді жалғайтын жол дұрысталып жатыр. Жоспар бойынша 3 жылда 31 шақырым жол жөнделмек.

Тағы оқыңыз: Петропавлда дүлей дауылдан ағаштар құлап, тұрғындар жарықсыз қалған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x