V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 1000нан астам адам волонтер бола алады. Ерікті жұмысына 18 жастан асқан адамдар таңдалады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны биылқыркүйектің 8-14-і аралығында Астанада өтеді. Жүзден астам мемлекеттен 4 мыңға жуық спортшы қатысатын дүбірлі додаға қазіргі күні еріктілер іріктеліп жатыр.

Волонтерлардың негізгі жұмысы, меймандар мен қатысушыларды күтіп алу, тіркеу орталықтарына алып бару, қонақ үйлерге жеткізу, жарыс өтетін жерлерде көмек көрсету, мәдени шараларды ұйымдастыру, тамақтану орындарына жеткізу сынды болып табылады. Волонтерлік қызметке ниет білдірушілер https://worldnomadgames.kz/ сайты арқылы «Ерікті бол» бөліміне кіріп, сауалнаманы толтыруы керек. Барлық талаптан сүрінбей өткен үміткер сұхбатқа шақырылады.  

Қосымша Instagram, Tik Tok әлеуметтік желілерінде @Volunteer_nomadgameskz парақшаларына ақпарат алып, WhatsApp, Telegram-да 8 701 841 20 24 байланыс нөмірі арқылы сұрақтарыңызды жолдасаңыздар болады.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x