СҚО-да дүниеге келгендерден қайтыс болғандардың саны көп

Солтүстік Қазақстанда өткен 9 айда 4192 нәресте дүниеге келген. Қазіргі уақытта өңірдегі халық саны 531,3 мың адамды құрап отыр. Ұлттық статистика бюросының СҚО бойынша департаментінің мәліметінше, өңір тұрғындарының 48,8%, қалада тұрады. Ал 271,9 мың адам немесе 51,2% – ауыл тұрғыны, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Биыл қаңтар мен қыркүйек айлары аралығында өңірде 2129 ұл және 2063 – қыз бала дүниеге келген. Жаңа туған сәбилердің 41,6% Петропавлда туған.

«Облыс аудандары арасында бала туу көрсеткішінен Уәлиханов ауданы бірінші келеді. Бұл ауданда туу коэффициенті-16,49 промилле, Ақжар – 14,55, Шал ақын – 11,57, Айыртау ауданында – 11,20 промилле. Облыс бойынша ең төмен туу көрсеткіші Аққайың ауданында – 8,92 промилле, М. Жұмабаев ауданында – 8,99, Есіл ауданында – 9,30», – делінген хабарламада.

Ал дәл осы өткен 9 айда облыс аумағында 4360 адам қайтыс болды. Солтүстікқазақстандықтардың – 16,1% қан айналымы жүйесі, 13,9% – тыныс алу органдарының, 8,6% – ас қорыту органдарының ауруларынан, 8,3% – онкологиядан көз жұмған. Ал жазатайым оқиғалар, улану мен жарақаттанудан – 7,2% қайтыс болған екен.

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x