СҚО-да бір тәулікте 15 жол учаскесін су шайып кетті

Солтүстік Қазақстанда екі облыстық және 13 аудандық маңызы бар жолды су шайып кетті. Қазір аталған учаскелерде кезекшілік ұйымдастырылып, арнайы белгілер қойылған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

СҚО ТЖД мамандарының айтуынша, жағдай ерекше бақылауға алынған. Петропавл қаласы мен барлық аудандарында жедел штабтар құрылып, тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.

Бір тәулік ішінде елді мекендер аумағынан 34400 текше метрден астам су сорылды. 3600 метр арық тазартылды. 3580 дана қап дайындалып, оның 3270-і төселген. 2700 метр канал кеңейтіліп, тереңдетілді.

«Тайынша, Тимирязев, Ғ. Мүсірепов, Уәлиханов және Айыртау аудандарында СҚО ТЖД және Түркістан облысынан келген құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. 21 мотопомпа,  7 техника мен 114 адам іске жұмылдырылған. Олардың күшімен 900 дана қапшық дайындалып,  350 метр бөгет нығайтылды», – деп мәлімдеді облыстық ТЖД баспасөз қызметі. ​

Тағы оқыңыз: Есіл өзенінің суы көтеріліп келеді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x