СҚО-да бес ауыл арақтан бас тартқан 

Солтүстік Қазақстан облысында бес ауылдың тұрғындары арақтан бас тартақан. Яғни, елді мекендердегі той-томалақ арақсыз өтеді, дүкенде де спирттік ішімдіктер сатылмайды, деп жазады Qazastan Media тілшісі.

Арақ ішіп өзгенің мазасын алып, тіпті ауыр қылмыс жасайтындармен күрес жайында СҚО ПД бастығы Айдын Қабдолдинов өңірлік коммуникациялар орталығында айтты. Былтыр 219 адам мәжбүрлі емдеу орнына жіберілген. Оның ішіндегі 120 азамат араққа тәуелділіктен емделуге екінші рет жатқызылған. 

«2023 жылы заңсыз айналымнан 12 мың литр алкоголь алынды. Спирттік өнімді заңсыз саудалаудың 293 фактісі анықталды. 559 адам профилактикалық есепке қойылды және алкогольге қарсы заңды бұзған үшін 10 мыңнан астам әкімшілік хаттама толтырылды», – деді брифингте спикер.

Есірткі бизнесіне келсек, былтыр заңсыз 105 синтетикалық есірткі саудасы тіркелген. Оның ішінде 63 сату, ірі көлемде наша сақтаудың 6 фактісі, 2 контрабанда бар.  Заңсыз айналымнан 740 келі түрді есірткі алынды.

Тағы оқыңыз: Астықты өлкеде ұн мен нан қымбаттады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x