[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/00117.MTS_snapshot_00.01.338-1.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}» custom_padding=»||0px|||»]

ҚР Парламенті мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы  әділ өтуін бақылау мақсатында республика көлемінде «Baqyla» тәуелсіз бақылаушылардың қоғамдық қозғалысы құрылды. Оның  Алматы және 25 ірі қалада штабы жұмыс істейтін болады. Біздің өңірде ашылған штабқа  80-нен астам адам өз еркімен бақылаушы болуға ниет білдірген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Baqyla» тәуелсіз бақылаушылардың қоғамдық  қозғалысы 2022 жылдың қараша айында өткен Президент сайлауында құрылды. Енді міне, мәжіліс сайлауында да белсенді жұмыс істемек. Бақылаушылар Қазақстанның 25 ірі қаласындағы 3 мыңнан астам сайлау учаскелерінде әділдік пен ашықтықты қамтамасыз ететін болады. Облыс штабында қазіргі уақытта 86 адам бар. Олар өз еркімен бақылаушы болуға ниет білдірген өңір белсенділері. Олардың 30-ы штаб құрамына биыл ғана қосылса, қалғаны президент сайлауынан келе жатқан бақылаушылар. Бұл жандардың негізгі міндеті, үміткерлердің үгіт-насихат жұмысын әділ өткізуін бақылау және сайлау кезінде дауыс беру участкелеріндегі заң бұзушылықтардың алдын-алу.

«Келесі апта бақылаушылар үшін 3 тренинг ұйымдастырылады. Мен өзім штаб жетекшісі ретінде республикалық тренингтен өттім. Енді мен 5 куратор дайындаймын. Олар өз тобындағы бақылаушыларға үйретеді. Тренингте тәуелсіз бақылаушыларға сайлауға қойылатын талаптар, заңдар мен құжаттар бойынша түсінік береміз. Және тәуелсіз бақылаушы өзін қалай ұстауы керек екенін айтып, психологиялық тұрғыда дайындаймыз», – дейді «Вaqyla» штабының СҚО бойынша жетекшісі Зүлфия Тухватулина.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x