[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/WhatsApp-Image-2023-02-22-at-17.38.03-2.jpeg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Алдағы уақытта Петропавлда жаңа әлеуметтік маңызы бар нысандар бой көтереді. Балабақша, спорт кешені мен мектептердің құрылысы «Жас өркен» және «Береке» ықшам аудандарында жүргізілмек, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров Петропавлдағы құрылыс нысандарын аралап, әлеуметтік нысандарды салу бойынша жаңа жобалармен танысты.

«Алдағы уақытта «Жас өркен» шағын ауданында ескі үйлер сүріліп, балабақша мен мектептің құрылысы басталады. Сондай-ақ, «Береке» шағын ауданында түзету мектебі, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, балабақша және орта мектептің құрылысына жер телімдері белгіленді», – деп мәлімдеді өзінің телеграм каналында Айдарбек Сапаров.  

Өңір басшысы тиісті мемлекеттік органдарға  барлық дайындық жұмыстарын уақытында аяқтап, көктемде әлеуметтік нысандардың құрылысын бастауды тапсырды.

[/et_pb_text][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/WhatsApp-Image-2023-02-22-at-17.38.03-1-1.jpeg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x