СҚО-да балалар арасында жіті ішек инфекциясымен ауырғандар саны екі есеге өскен

Жіті ішек инфекциясы бойынша барлығы облыста 103 жағдай тіркелді. 14 жасқа дейінгі балалар арасында 54 жағдай. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда  екі есе көп. Мамандар оны  ішек вирустық инфекцияларының  маусымдық жиілігімен байланыстырып отыр, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Су тасқыны кезеңінде санитариялық-эпидемиологиялық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Күн сайын жіті ішек инфекцияларының, сальмонеллездің, А вирустық гепатитінің, аса қауіпті жұқпалы аурулардың эпидемиологиялық жағдайына мониторинг жүргізіледі.

Облыста жіті ішек инфекцияларымен және А гепатитімен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Су тасқыны кезінде өсу байқалмайды. Бірақ  жіті ішек инфекциясымен ауырған балалардың саны 554-ке жеткен. Бұл былтырмен салыстырғанда екі есеге көп. Мамандар оны  ішек вирустық инфекцияларының  маусымдық жиілігімен байланыстырып отыр. Ал  А гепатитінің үш жағдайы анықталды. Өткен жылдың ұқсас кезеңінде де осынша факті тіркеліпті.  Барлық жағдайлар ересектер арасында.

«А гепатитінің берілу факторларының бірі су екенін ескере отырып, халыққа осы инфекцияға қарсы егуді ұсынамыз. Екпелер жоспарлы түрде 2 және 2,5 жаста тегін, тұрғылықты жері бойынша емханада қойылады, вакцина жеткілікті мөлшерде қолжетімді», – дейді  Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің  басшысы Әсет Жұматаев.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет күн сайын ауыз судың сапасына бақылау жүргізеді. Облыс бойынша 108 су құбырынан сынама алады.  26 наурыздан бастап барлығы 595 сынама алынып,   оның 21-і санитариялық-химиялық көрсеткіштерге сәйкес келмепті. 4 ауылдық орталықтандырылған су құбырынан оң сынамалар микробиологиялық көрсеткіштер бойынша анықталған.

«Осы елді мекендерге таза ауыз су әкелу қамтамасыз етілді, сондай-ақ сумен жабдықтау жүйесін дезинфекциялау және жуу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда 142 сынама жұмыста. Нәтижелер туралы кейін хабарланатын болады. Зерттеу нәтижелері бойынша бүгінгі таңда жұқпалы аурулардың туындау, таралу қаупі жоқ», – деп нақтылады Әсет Жұматаев.

Сонымен қатар бас санитар дәрігер ішуге және тамақ дайындауға тек бөтелкедегі және қайнатылған суды қолдануға кеңес береді.

Тағы оқыңыз: Петропавлда тасқын судан зардап шеккендерге 100 АЕК мөлшерінде

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x