Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қайықпен Ойқала ықшам ауданындағы су тасқынының ауқымын бағалады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қазір шағын ауданның негізгі бөлігі суда тұр. Сол себепті де  Ойқаладан суды сору үшін көптеген мотопомпалар және сорғы техникасы қолданылатын болды.

Ойқаладан суды сору үшін көптеген мотопомпалар және сорғы техникасы қолданылады

«Екі күн бұрын Есіл өзеніндегі су деңгейі төмендей бастады. Су кеткенде, Ойқала жабық «қазанның» күйін кешеді. Сондықтан бөгеттер арқылы су айдау үшін мотопомпаларды, сорғыларды және су айдау жабдықтарын барынша тарту қажет болады. Петропавл қаласының әкіміне бұл жұмысты қысқа мерзімде ұйымдастыруды тапсырдым», – деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желіде.

Тағы оқыңыз: СҚО-да балалар арасында жіті ішек инфекциясымен ауырғандар саны екі есеге өскен

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x