Петропавлда екі күн ішінде су тасқынан зардап шеккен 1186 отбасы материалдық көмек алуға өтініш берген, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавл қаласында бес мыңнан астам адам тасқын судан зардап шеккен. Оның бір мыңы – бала. Азаматтар үшін қалада эвакуациялық пункттер ашылып, қажетті заттармен қамтылды. 16-шы сәуірден бастап зардап шеккендер материалдық көмек алуға өтініштерін бере бастады. Екі күн ішінде 1186 отбасы өтініш жазып үлгерген. Сонымен қатар 280 адам несие төлемін шегеруге арыз жазды.

«Қазіргі кезде материалдық көмек алу бойынша өтінішті екі мекенжайда беруге болады. Ол Театральная көшесі 36 және Қазақстан Конститутциясы көшесі 23. Өтемақы тек жеке тұрғын үйге және үй иесіне ғана төленеді. Оның мөлшері орталық аппарат арқылы 100 АЕК деп белгіленді», – деді Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Калия Түренова.

Айта кету керек, саяжай иелеріне шығынды өтеу жағы әлі шешілген жоқ. Су тасқыны кезінде ол аймақтардан 400 адам эвакуацияланыпты. Оның 60-қа жуығы саяжайда тұрақты тұрып келген.

Тағы оқыңыз: СҚО-да су тасқыны басталғалы 450-ге жуық тұрғын психолог маманның көмегіне жүгінген

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x