СҚО-да ауыз су ластанды деген ақпарат жалған-санитар мамандар

Қазір әлеуметтік мессенджерлерде өңірде су ластанды, оны ішуге болмайды деген ақпарат тарап жатыр. Алайда, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

ҚР бас санитар дәрігерінің 4 сәуір күні шыққан қаулысына сай су басқан елді мекендердегі ауыз суды ішуге болмайды. Яғни, сумен қамтудың басқа балама жолдарын іздестіру керек. Қазіргі уақытта су басқан Жаңажол ауылында орталық су құбыры өшірілген. Елді мекенде тұрғындарды тіршілік нәрімен қамтамасыз ету мәселесі қарастырылып жатыр. Алайда, бұл барлық ауыз су ластанды деген сөз емес. Себебі, мамандар судың сапасына зертханалық мониторинг жүргізіп, жұқпалы аурулардың су арқылы таралу қаупі жоқ екенін анықтаған. Дегенмен қазіргі уақытта ішуге және тамақ дайындауға тек бөтелкедегі немесе қайнатылған суды пайдалануға кеңес береді.

«Өңірде су тасқыны салдарынан сібір жарасынан өлген малдар жатқан 4 қорым шайылып кетті. Ол жерлерден барлық тиісті сынама алынып, судан ешқандай зиянды зат табылған жоқ. Жалпы облыста мұндай 161 орын бар. Және 8-9 сәуір күндері судың 87 сынамасы алынып, зертханаға жіберілді. Қазір 78-і әлі де тексеріліп жатыр. Алайда дайын болған сынамалардан адамға зиян келіретін ешқандай бактериялар табылған жоқ. Күн сайын судың 50-60 сынамасы тексерілетін болады», – деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Татльяна Горлова.

Тағы оқыңыз:СҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге төленетін әлеуметтік көмектің мөлшері белгілі болды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x