[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» custom_padding=»99px|||||» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_text][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/01/1647231767_pervoru-110128-1.jpeg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″ custom_padding=»||0px|||»]

Өткен жылы өңір полицейлері аң аулау ережесін бұзудың 400-ге жуық фактісін анықтаған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылы жануарлар дүниесін пайдалану талаптары мен аң аулау ережелерін бұзудың – 382, балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау ережелерін сақтамаудың – 331 фактісі тіркелген. Сондай-ақ, заңсыз аңшылықтың – 19, Artemia salina құнды шаяндарын заңсыз аулаудың – 7 фактісінің жолы кесілді. Тәртіп сақшылары жаңа жылдың бірінші күнінен бастап тұяқтыларды, қанаттыларды және өзен құндызын аулауға тыйым салынғанын еске салады.

«Елімізде тиісті рұқсат құжаттары бар адамдар ғана аңшылыққа шыға алады. Мас күйде аң және балық аулауға тыйым салынған. Аңшы қаруды тек оқталмаған, бөлшектелген және қапқа салынған күйінде тасымалдауы қажет. Солтүстікқазақстандықтар заңнаманың осы және басқа да талаптарын білуге және қатаң сақтауға міндетті», – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

15 ақпанға дейін елімізде су тышқанын, қарсақты, түлкіні, ақ қалақты, ақкiсті, қоянды аулауға рұқсат берілген.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x