СҚО-да 617 үй су астында қалды, бұл сан көбеймесе, азаймайды - СҚО ТЖД

СҚО-да 617 үйді су басты. Бұл сан әлі де өспек. Себебі мамандардың сөзінше су деңгейі қарқынды көтеріліп жатыр, деп хабарлайды  Qazaqstan Media.

Өңірде су деңгейі соңғы тәулікті 1 метрден жоғары көтерілген. Үйлері су астында қалған 3670 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Петропавлдағы Былғары және Ойқала ықшам ауданында да эвакуация қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Себебі, облыс орталығында су тасқынының шарықтау шегі 2 күннен кейін болады деп болжанып отыр.

«Эвакуацияланған тұрғындардың көбісі өз туыстарының үйіне барып жатыр. Дегенмен, тағы қосымша 3 эвакуациялық пункт дайын тұр. Қазіргі уақытта 2500-ден астам үй жануары қауіпсіз жерге шығарылды. Мамандар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. 4500-ден астам жеке құрам жұмылдырылған. Облыста 65 жолды су басты. Оның 19-ында әлі су тұр. Жағдайды сумен ағып келіп жатқан мұз бөлшектері қиындатуда. Олар бөгеттерді қиратып кетіп жатыр», – деді облыстық ТЖД бастығы Ерік Сарыбаев.

Тағы оқыңыз: Петропавл тағы да бір күн сусыз отырады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x