мемлекетке жер қайтарылмақ

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында 330 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылады. Бұл мәселе «Аманат» партиясының  облыстық филиалы жанынан құрылған  «Жер аманаты» комиссиясының жіті  бақылауында, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өткен жылы облыста бос жатқан 304 мың гектар жер мемлекетке қайтарылған. Биыл бұл жұмыс жалғасын тауып, тиісті органдар заңсыз және пайдаланылмай отырған алқаптарды анықтауға кірісті.

«Пайдаланылмай жатқан жерлерді біздер ғарыштық мониторингтік түсірілім арқылы анықтаймыз. Сол арқылы қай ауданда қандай жер бар екенін көруге болады. Кейін аудан әкімдіктері, прокуратурамен бірлесіп жұмыс істейміз. Мемлекетке қайтарылған жерлер ауыл тұрғындарына мал жаюға және конкурс арқылы өзге шаруашылықтарға беріледі», – дейді СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев.

Биыл 330 мың гектар жер мемлекет меншігіне өтпек.  Бүгіндері соның 40 мыңы қайтарылды. Өткен 5 айда жер ресурстарын басқару департаменті облыс аумағында 16 тексеру жұмысын жүргізген. Нәтижесінде, 11 заң бұзушылық анықталды. 

«Біз «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы  АҚ веб-порталын қолданамыз. Ағымдағы жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша пайдаланылмай жатқан жерлер мен жайылымдық жерлер туралы мәліметтер жүктелуде. Мәселен, порталдың мәліметіне сүйенсек, 917,3 мың гектар жер пайдаланылмай бос жатыр.  Оның ішінде 522 мың гектар аумақта мал жайылмайды. Бұл мәлімет аудандық жер қатынастары бөлімдеріне жолданды», – дейді Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Бақытжан Бекіш.

Тағы оқыңыз: Ауған соғысының ардагерлері тұрғын үй ала алмай жүр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x