қызметтік тергеу

Жалған сөйлеген Астрахан ауылдық округінің әкімі Руслан Қабатаевқа қатысты қызметтік тергеу басталды. Тексеріс өткен аптада СҚО-на келген белгілі журналист, блогер Асхат Ниязовтың «Обожаю» YouTube арнасында Аққайың ауданына қарасты Астраханка ауылы туралы түсірілген бағдарламадан кейін жүргізілуде, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бағдарлама аясында ауыл тұрғындары мемлекеттік қызметшінің жұмысына қатысты өз наразылығын білдірді. Мұнымен қоса, әкімнің сұхбаты фактілерге сай болмай шықты. Атқамінердің сөзінше,«Нива» қызметтік көлігін жөндеу үшін бюджеттік қаржыға жаңа резеңке сатып алынды. Алайда, Асхат Ниязов техникалық қызмет көрсету орталығында тұрған көліктің резеңкесі ескі екенін анықтаған. Бұдан бөлек, әкімдікті жинап тазалайтын қызметкер химиялық заттарды өз қаржысына сатып алатыны, шенеуіктің Porsche Cayenne автокөлігімен жүретіні белгілі болды. Бұл бағдарламадан кейін Астраханка ауылдық округінің әкіміне қатысты қызметтік тергеу басталды.
Qazaqstan Media редакциясы ақпаратты анықтау үшін Аққайың ауданы әкімі аппаратының басшысы Махаббат Дүйсембаеваға хабарласты.

«Бағдарламадан кейін аудан әкімінің өкімімен қызметтік тергеу тағайындалды. Тексеріс жұмыстарынан кейін аудандық деңгейде тәртіптік комиссияның отырысы өтеді. Егер репортажда баяндалған фактілер расталса және тәртіптік комиссия ҚР заңнамасын бұзушылықтар бар деп шешсе, онда материалдар Әдеп жөніндегі кеңеске жіберілетін болады. Сол жерде шешім қабылданады»,-деді Аққайың ауданы әкімі аппаратының басшысы Махаббат Дүйсембаева.

Қазіргі таңда Руслан Қабатаев әкім лауазымында өз міндеттерін атқарып жүр. Бұл заңға қайшы келмейді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 300 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылмақ

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x