174 отбасы ажырасып кетті

Жыл басталғалы Солтүстік Қазақстан облысында 174 отбасы ойран болған. Оның ішінде 32 неке сот шешімен бұзылды. Статистика көңіл қуантпайды. Qazaqstan Media тілшісі облыстық Әділет департаментінің бас маманымен тілдесіп, ерлі-зайыптылардың айырылысуына не себеп екенін сұрады.

Департамент өкілінің мәліметінше, өткен жылы өңірде 3500-ге жуық неке қиылды. Оның 1715-і Петропавл қаласында тіркелген. Өкінішке орай, бір жылда 1619 жұптың жолы екіге айырылды. Бұл ретте қала тұрғындары көш бастап тұр. Облыс орталығында 868 неке бұзылды.

«2022 жылы шетел азаматтарымен отбасын құрудың 210 дерегі тіркелген. Көп жағдайда мұндай қадамға ер адамдар барып жатады. Былтыр осындай 729 жұп айырылысты. Қолымыздағы ақпарат бойынша ажырасатын ер адамдардың орташа жасы 33-те, әйелдердікі – 32-де», – деді СҚО Әділет департаментінің бас маманы Эмилия Зуевич.

Ал биыл негізінен үлкенірек жастағы жандар жиі ажырасатын болған. Мәселен, қазір әйелдердің орташа жасы 38-ді, ерлердікі 40 жасты құрайды. Айта кетсек, ағымдағы жылы аймақта 715 жаңа отбасы құрылды. 7 жағдайда ерлі-зайыптылардың біреуі кәмелетке толмаған.

«Кәмелетке толмаған жандардың некелесуіне негізінен жүктілік себеп. Тағы қоса кетерлігі, 2023 жылы өңірде 174 жанұя айырылысты. Оның ішінде 32 жағдай соттың шешімімен іске асты. Ажырасудың басты себептері – жұптардың мінезінің сәйкес келмеуі, алкогольдік ішімдік ішу, көзге шөп салу. Бізге егде жастағы жұп та жүгінді. Отанасы балаларының жанына қалаға көшіп барғысы келген. Ал жолдасы бұған қарсы болыпты», – деді Эмилия Зуевич.

Тағы оқыңыз:  Жастарға көрсетілетін қолдау арта түспек

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x