СҚО-да 2000 жуық оқушы қашықтан білім алып жатыр

СҚО-да су тасқынына байланысты жеті бірдей мектеп онлайн оқыту форматына ауыстырылды. Жалпы 1801 оқушы қашықтан оқып жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыста ешқандай білім беру ұйымына тасқын судан зақым келмеген. Алайда, жолдардың шайылып кетуіне байланысты алты ауданның сегіз мектебінде  тасымалдау тоқтатылды. Сабақтар аралас форматта өтіп жатыр. Алыста тұратын 78 оқушы үшін қашықтан оқыту ұйымдастырылған.

«Қазір өңірдегі су тасқынына байланысты Петропавл қаласының №13 орта мектебінде – 163 оқушы, Есіл ауданының Покровка орта мектебінде – 215 оқушы, Қызылжар ауданының бес мектебінің балалары қашықтан білім алып жатыр», – деді облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы Әсел Оразбаева. 

Тағы оқыңыз:Тайынша ауданының әкімі жерлестеріне алғысын білдірді

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x