СҚО-да 10 адамнан көкжөтел анықталды

Биыл 10 солтүстікқазақстандық көкжөтел жұқтырған. Ауырғандардың дені екпе алмаған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өңірдегі инфекциялық аурулардың таралуы жағадайы  брифингте айтылды. Соңғы 9 айдың ішінде педикулез, жіті респираторлық вирустық инфекциялар, желшешек, дерматомикоздар, лямблиоз, описторхоз, туберкулез, қызылша, көкжөтел, иерсиниоз инфекциялық ауруларын жұқтырғандар саны өскен. Айталық, биыл көкжөтелдің 10 фактісі тіркелген. Ал былтыр бұл кезде тек 1 ғана науқас анықталған еді. Қазір олардың екеуі ем қабылдап жатса, қалғандары курсты аяқтаған. Ауру жұқтырған 6 адам вакцина алмаған. Сырқаттанғандардың дені 14 жасқа дейінгі балалар.  

«Облыста қызылшаның зертханалық расталған 23 жағдайы тіркелді. Бүгіндері 4 адам стационарлық, біреуі амбулаториялық емдеуде. Ол ауруханаға жатқызудан бас тартқан. 18 адам емдеуді қалпына келтірумен аяқтады. Қызылшамен ауырған 3 адам оны өзге елдерде (БАӘ, РФ және Қырғызстан) жұқтырған. Айта кетейік, өткен жылдың осы кезеңінде өңірде қызылша тіркелмеген», – деді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің  басшысы Әсет Жұматаев.

СҚО-да ЖРВИ маусымдық өсуімен сипатталады. 1 қазан, яғни жаңа эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері ЖРВИ-дің 11230 жағдайы тіркелді. Көбіне балалар науқастанып жатыр. 2771 жағдай немесе 70 %. Тұмау, әзірге тіркелген жоқ.

Тұмауға қарсы вакцинаны облыс халқының 11 %-ын егу жоспарлануда. Ресейде өндірілген «Гриппол плюс» вакцинасының 60010 дозасы сатып алынды. Бүгіндері 42060 адам тұмауға қарсы вакцина алды. Оның басым бөлігі медицина қызметкерлері, оқушылар мен созылмалы ауруы бар адамдар.

Тағы оқыңыз: СҚО-да иісшіл ит темір пештің астына жасырылған есірткіні тапты

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x