СҚО-да ұлттық статистика бюросы департаментінің басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Солтүстік Қазақстанда ұлттық статистика бюросы департаментінің басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол қарамағындағы қызметкерді декларациясыз жұмысқа қабылдаған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бұл құқық бұзушылық ҚР ӘҚБтК-нің 680-бабы бойынша сыбайлас жемқорлыққа жатады. Және ол үшін жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген. Лауазымды тұлға өз  кінәсін толық көлемде мойындағандықтан айыппұлдың тек  елу пайызын – 50 АЕК төлейтін болады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 11-бабына сәйкес мемлекеттік лауазымға үміткерлер мен олардың жұбайлары активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсырулары керек. Жалпы, жыл басынан бері түрлі жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 8 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олар 1,4 млн теңге сомасында айыппұл төлеген”, – делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәлімдемесінде.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x