СҚО-да қараусыз жүрген жылқы жеңіл автокөлікпен соқтығысқан

СҚО-да қараусыз жүрген жылқының кесірінен жол апаты орын алды. Абырой болғанда, көлікте отырғандар дін аман, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 12 мамырға қараған түні Айыртау ауданында тіркелді. Еленовка – Чистополье трассасының бойымен жүріп келе жатқан 59 жастағы көкшетаулық жолда тұрған жылқыны байқамай соғып кеткен. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Тек автомобиль зақымдалып, жылқы мерт болған. Ал еркін жайылымға жол берген шопанға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабының 2-бөлігі бойынша хаттама толтырылды.

«Демалыс маусымында қала сыртындағы трассаларда қозғалыс көбейеді. Оқыс оқиғалардың алдын алу бойыншша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан аудан аумағында ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша 56 хаттама толтырылды», – дейді Айыртау аудандық полиция бөлімінің бастығы Марат Серкешев.

Биылдыққа малды емін-еркін жайып жібергені үшін 722 солтүстікқазақстандық жауапкершілікке тартылды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да көктемгі дала жұмыстары басталды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x