Солтүстік Қазақстанда жасөспірім пеш жағамын депауруханаға түсті. Оның денесінің 25 пайызын күйік шалған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Оқиға Айыртау ауданы Саумалкөл ауылында болған. 13-ші қыркүйек күні жасөспірім пешті тез қыздырумақсатында, отқа бензин шашқан. Нәтижесінде лап ете түскен оттан өзі зардап шеккен. Ол дереу аудандық ауруханаға жеткізілді. Кейін дәрігерлер оны көпбейінді облыстық балалар ауруханасынаауыстырды.
«14 жасар баланың беті, мойны, кеудесі күйіп қалғанЖалпы, денесінің 25 пайызын күйік шалды. Қазірбала облыстық балалар ауруханасында жарақаттанубөлімінде ем қабылдап жатыр. Жағдайы ауыр, бірақтұрақты», — деп хабарлады облыстық денсаулықсақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: Петропавлда жаңа учаскелік полиция пункті ашылды