Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағындағы Шалқар көліне шомылу маусымы 15-ші маусымнан басталады. Онда құтқарушылар су мен жағажайды толық тексеріп, қауіпсіздік шараларын жүргізді, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Солтүстікте суға шомылу маусымы айдың алғашқы күндері басталған болатын. Облыста суға түсуге рұқсат етілген 60 орын бар. Оның ең көбі туристік аймақ, Айыртауда шоғырланған. Шалқар көлінде шомылуға 15-ші маусымнан рұқсат беріледі. Бірақ өңірдегі жағажайлардың жағдайына топан су әсер еткен.

«Күннің ысуына байланысты жағажайларда демалушылар саны артты. Сондықтан рейдтік шараларды күшейттік. Қалада екі рұқсат етілген жағажайдың біреуі әлі дайын емес. Есіл өзені бойындағы жағажайға тасқын судан кейін көп зиян келген. Инфроқұрылымы да, жолдары да жарамсыз. Қазір ол жерді дұрыстап жатыр»,-деді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Мұрат Қанғожинов.

Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстанда көктемгі дала жұмыстары аяқталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x