СҚО-да қыркүйек спорттық шараларға толы болмақ. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады, деп жазады Qazaqstan Media.

Ертең «Қызылжар» әйелдер футбол клубы өз алаңында «Астана» командасын қабылдайды. Ойын Қарасай стадионында өтеді. Басталу уақыты — 18:00. Сонымен қатар, 1-2 қыркүйек күндері Қазақстанда хоккейден ел чемпионаты басталады. Оның аясында жергілікті «Құлагер» хоккей клубы «Ақтөбені» қабылдайды. Ойын А.Винокуров атындағы спорт сарайында өтеді.

2-4 қыркүйек күні Петропавлда жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасында облыс чемпионаты өтеді. Сонымен қатар төртінші қыркүйекте «Қызылжар» ФК жастары екінші лига аясында елордалық «Жеңісті» қабылдайды. Ал негізі құрама болса қыркүйектің бесінші жұлдызы «Қарасай» стадионында батысқазақстандық «Атыраумен» сынға түседі.

«Сегізінші қыркүйекте «Қызылжар» әйелдер футбол клубы өз алаңында «Алтаймен» кездеседі. Ал 19-ы ерлер командасы қызылордалық «Қайсарды» қабылдайды. Жасөспірім футболшылар болса 20-қыркүйекте «Жастар» стадионында «Алтаймен» бақ сынасады. 24-27 қыркүйек күндері Петропавлда шахматтан облыс чемпонаты өтеді», — деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Тағы оқыңыз: https://qaz-media.kz/kk/sqo-da-sangyrawqulaq-zhegen-aejel-zhansaqtaw-boeliminen-bir-aq-shyqty/

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *