Петропавлық сепаратистер 7 және 9 жылға сотталды

Петропавлда өздерін халықтық жұмысшылар кеңесін құрушылармыз деп жариялаған топ мүшелеріне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, ел ішінде шу шығарған оқиға осы жылдың наурыз айында болған еді. Өздерін Кеңес Социалистік Республикалар Одағының ізбасарымыз деп санаған Петропавлдың 19 тұрғыны жиналыс өткізген. Жиында олар Қазақстанды мемлекет ретінде мойындағысы келмей, жерінің тұтастығын да жоққа шығарған. Осылайша, Петропавл қаласы жұмысшыларының халық кеңесін құрып, арнайы декларация қабылдаған.

Петропавлық сепаратистер 7 және 9 жылға сотталды

Жиынның видеолары әлеуметтік желілерде таралып, көпшілік ішінде наразылық тудырған еді. Оларды тұрғындар сепаратизм үшін жауапкершілікке тартуды талап етті. Ал 30 наурыз күні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті оларға қатысты сепаратизм фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бүгін топтың төрт белсендісіне сот үкім шығарды.

Петропавлық сепаратистер 7 және 9 жылға сотталды

«Сот шешімі бойынша Зудерман В.А. ҚР ҚК 179, 180 бабының 2-ші тармағы, 287 бабының 2-ші тармағы бойынша 9 жылға бас бостандығынан айырылады. Ал Болдырева Е.А , Капарова және Бережная 179 және 180 баптың 2-ші тармағы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылады. Олардың барлығы жазаларын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі мекемеде өтейтін болады», – деді Петропавл қалалық сотының судьясы Алмас Жұмағазин.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x