Е. Степаненко: 2025 жылы Мамлют ауданының әр ауылында таза ауыз су болады

2025 жылдың соңына дейін Мамлют ауданының әр елді мекеніне таза ауыз су тарту жоспарлануда. Мұны аудан басшысы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте айтты, деп хаьарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Брифинг барысында Мамлют ауданының әкіміне БАҚ өкілдері сұрақтарын жолдай алды. Әсіресе, ауыл тұрғындарын сумен қамту мәселесі алаңдатады. Елена Степаненконың айтуынша, проблема бар. Ауылдардың барлығы бірдей таза ауыз сумен қамтылмаған. Бірақ атқамінер мәселені шешуге болады дейді.

«200-ден астам адам тұратын ауылдарда желілік желілер болса, оларға тарату желілері салынады. Егерде ауыл тұрғындарының саны 200, 100 адамнан аз болса, желілік су көзі тартылады. Бірақ алдымен су көзінен сынама алынады. Қазір мұндай ауылдардың кейбіріне су тасымалдау арқылы жеткізіледі. Себебі өздерінен шыққан су жарамсыз. Мұндай ауылдарға қосымша кешенді модульдар саламыз. Тұрғыны аз ауылдарға желілік су тарату жүйесін салу тиімсіз болып табылады. Оны түсіну керек. Бірақ, 2025 жылдың соңына дейін ауданның әр тұрғыны сапалы ауыз сумен қамтылатын болады», – деді Мамлют ауданының әкімі.

Тағы оқыңыз: Петропавлдық сепаратистер 7 және 9 жылға сотталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x