Ислам мәдениеті музейінде «Құндылықтар қайнары» тақырыбында оқушылармен кездесу өтті

Петропавлдағы ислам мәдениеті музейінде «Құндылықтар қайнары» тақырыбында оқушылармен кездесу өтті. Жиынға облыстық «Қызылжар» мешітінің ұстаздары қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ислам мәдениеті музейі осы жылдың сәуір айында ашылған еді. ХІХ ғасырда мешіт болған көне ғимарат осы уақытқа дейін Киров зауытының қоймасы ретінде қолданылып келген. Қайта қалпына келтірілгеннен кейін музейде оқушылардың қатысуымен 6 іс-шара ұйымдастырылған. Негізгі мақсат – мектеп оқушыларының бойына ұлттық құндылықты сіңіріп, балалардың діни сауаттылығын арттыру.

«Музей облыстық «Қызылжар» мешітімен келісімге отырған. Имамдар, мешіттің ұстаздары музейге келушілерге діни сабақтар өткізіп, олардың сауаттылығын арттырып отырады. Мектеп директорлары тарапынан да біздің оқушылар экскурсияға барсыншы, діни сабаққа қатыссыншы деген ұсыныстар түседі. Бүгін Қожаберген жырау атындағы № 6-шы мектептің оқушылары келді», – дейді «Абылай хан резиденциясы» ислам мәдени бөлімінің жетекшісі  Мұрат Әміржанов.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 7 жасар қызды туған анасы мен өгей әкесі аяусыз ұрып-соққан

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x