СҚО-да 7 жасар қызды туған анасы мен өгей әкесі аяусыз ұрып-соққан

Солтүстік Қазақстанда туған анасы мен өгей әкесі ұрған 7 жасар қыз бала ауруханада жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.   

Екінші сыныпта оқитын қыздың денесіндегі жарақатты мектептегі медицина қызметкері 23 қарашада байқаған. Сол күні полицияға хабар берген.

«Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабының 1-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру» бойынша Петропавл қаласы полиция басқармасында Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Кәмелетке толмаған балаға 26 жастағы анасы мен 33 жастағы өгей әкесі зақым келтіргендігі анықталды. Олар өз кінәларын мойындап отыр, бұндай жағдайға баланың тіл алмауы себеп болғанын айтып түсіндірді. Істің барлық мән-жайларын зерделеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, оның нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады», – деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ал қыз бала қазір облыстық балалар ауруханасына ем қабылдап жатыр.

Тағы оқыңыз: СҚО-да қызылша жұқтырғандар саны күн санап артып барады

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x