СҚО-да қызылша жұқтырғандар саны күн санап артып барады

СҚО-да 52 адамнан қызылша анықталған. Олардың 45-і бүгіндері ауруханада ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Дертке шалдыққандардың дені Петропавл қаласының тұрғындары. Облыс орталығында қызылшаның 43 жағдайы тіркелген.

«Қызылша жұқтырғандардың 4-уі М. Жұмабаев ауданының тұрғындары. Ал Аққайың, Айыртау Мамлют, Қызылжар және Жамбыл аудандарында бір-бір жағдайдан тіркелді. Жалпы өңірде 52 адамнан қызылша анықталды», – дейді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір ауруханада 45 адам ем қабылдап жатыр. Солардың 12-сі балалар. Қызылша жұқтырғандардың бірі – 2 жасар Әміре. Ол қазір анасымен ауруханада жатыр.

«Медициналық көрсеткіштер бойынша балама екпе қойылмаған еді. Содан ауруханаға түсіп қалдық. Ең алдымен қызылша жұбайымда анықталды. Кейін енем ауырды. Енді міне, кіші ұлыма жұқты. Бірнеше күн қызуы түспеді. Ауруханаға жатқызылып, тиісті ем алған соң ғана жағдайы жақсарып келеді. Жалпы инфекциялық бөлімшеге түсіп жатқандар саны көп», – дейді Назерке Ғалым.

Қызылша жұқтырған Петропавлдағы Ұлттық ұлан әскери академиясы курсанттарының саны да артқан. Бүгіндері олардың 25-і ауруханада ем алып жатса, 4-уі дерттен айығып шыққан.

«Науқастармен байланыста болған 1306 адамды №3 қалалық емхана қызметкерлері бақылауға алған. Бүгіндері облыста вакцина жеткілікті. Қазір 10 мың доза бар. Өңірде 256 егу пункті жұмыс істейді, оның 28-і облыс орталығында орналасқан. Көшпелі егу бригадаларының саны – 86, оның 20-сы Петропавлда», – деді Гүлнар Сайлау.

Тағы оқыңыз: СҚО-да сотталған азаматтар шахматтан онлайн турнирге қатысты

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x