Петропавлдың мұғалімі мобильді қосымша жасап шығарды

Петропавлдық мұғалім «Қазақстан тарихы бойынша тесттер» атты мобильді қосымшасын жасап шығарды. Заман игілігі Дүниежүзі және Қазақстан тарихы пәндерінен БЖБ, ТЖБ мен емтиханға дайындалуға арналған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі, Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Қосымшада тарих туралы білімді ойын түрінде бекітуге көмектесетін интерактивті тапсырмалар мен тесттер бар. Қазақстан тарихы бойынша тестілеу қосымшасына 130 тақырыпқа қатысты 4 726 сұрақ енгізілген.

«Менің оқушыларымның бірінің тарих пәніне қызығушылығы төмен болды. Есесіне информатиканы жақсы көретін. Бірде оған осы екі бағытты біріктіріп, смартфонға арналған қосымша ойлап табайық, ол күрделі тақырыптарды оңай есте сақтап, өз біліміңді тексеру үшін көмекші құрал болуы керек деген едім. Жоба іске асты. Қазір бұл идея мыңдаған оқушы мен мұғалімнің көңілінен шығып жатыр», – деді Сергей Никулин.

Сергей Никулин – ҰБТ-ға дайындық бойынша «Қазақстан тарихы бойынша 4000 жауап», «Қазақстан тарихының қысқаша курсы», «Қазақстан тарихының мектеп курсы», «Қазақстан тарихы бойынша мектеп курсы» сияқты әдістемелік құралдардың авторы. Ол өңірге «Закрома историка» интернет-ресурсы және «Тарихшы Никулин» атты жеке сайтымен танымал. Педагог «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығында өзінің сабақ беру тәжірибесін бөлісіп, облыс педагогтері үшін шеберлік сыныптарын ұйымдастырады.

Тағы оқыңыз: 1 шілдеден бастап зейнеткерлер барлық жинақ ақшасын шеше алады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x