Петропавлдық дәмханалардың бірінде заңсыз еңбек еткен Өзбекстан азаматы анықталды

Петропавлдық полицейлер қаладағы қоғамдық тамақтану орындарының бірінде заңсыз еңбек етіп жүрген Өзбекстан азаматын анықтады, деп хабарлайды  Qazaqstan Media тілшісі.

5 желтоқсан күні петропавлдық полицейлер әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, алкоголь өнімдері мен пиротехникалық бұйымдарды заңсыз өткізудің жолын кесу бойынша профилактикалық іс-шара өткізіп, есепте тұрған тұлғаларды тексерді. Нәтижесінде учаскелік инспекторлар Островский көшесіндегі үйлердің бірінде құрамында алкоголь бар сұйықтықтың заңсыз сатылғанын анықтады.

«61 жастағы қала тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы бойынша (Кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жіберусіз іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру) әкімшілік материал жиналды және 12,5 литр спирт алынды», – деді Петропавл қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин.

Сондай-ақ Кошуков көшесіндегі қоғамдық тамақтану орындарының бірінде полиция қызметкерлері заңсыз жұмыс істеп келген Өзбекстан Республикасының азаматын анықтады. Құқық бұзушы әкімшілік жазаға тартылды.

Тағы оқыңыз: 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшерi өзгереді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x