СҚО-ның кейбір аудандарда ет, сүт және жұмыртқа өндірісі төмендеген

Солтүстік Қазақстан облысының кейбір аудандарында ауылшаруашылық өнімдерін шығару көрсеткіші төмендеген. Атап айтсақ, сүт, ет және жұмыртқа өндірісі азайыпты. Бұл туралы облыстық әкімдіктегі жиналыста айтылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыста ауыл шаруашылығы жақсы дамыған, десекте кейбір аудандардың көрсеткіштері мәз емес. Мысалы Ақжар, Шал ақын аудандарында сүт өндірісі 7%-ға азайған. Ал Тимирязев ауданында жағдай тіптен мүшкіл. Бірде-бір тауарлы сүт фермасы болмағандықтан өндіріс көрсеткіші «0»-ге тең.

«Тимирязев ауданының әкіміне 2024 жылы тауарлы сүт фермасын салуды тапсырамын. Жыл соңына дейін ұсынысыңызды айтыңыз. Осы шаруаны мықтап қолға алу керек», – деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұханбетов.

Ауданда тауарлы сүт фермасын саламын дейтін инвестор табылмай отыр. Бұл да аудан әкімінің және жалпы әкімдіктің немқұрайлы жұмысының нәтижесі деді өңір басшысы. Айтуынша, бүгіндері қалталы азаматтарды тарту үшін жарнаманың да керегі жоқ.

«Қазір ешкімді үгіттеп керек емес. Жарнама, роликтер жасап, мақтау сөздерді айтудың да қажеті шамалы. Өйткені, бизнесмендер мұндай жобаның қаншалықты табысты екендігін онсыз да біледі. Және өңірде ондай мысалдар жетерлік. Ал сіздердің инвестор табылмай жатыр дегендеріңіз жай ғана сылтау. Яғни, аудан әкімдігінің және аудан басшысының жұмысының деңгейін көрсетеді. Оны ашық айта аламын. Сондықтан бұлай жалғаса берсе, сұрақты кадр мәселесіне қатысты қою керек», – деді облыс әкімі.

Сонымен қатар Ғ.Мүсірепов ауданында ет өндірісі 200 тоннаға азайған. Мамлют пен Есіл, М. Жұмабаев аудандарында да көрсеткіш төмендепті. Жағдай бірнеше айдан бері оңалмай келеді екен. Ал Тайынша мен Қызылжар аудандарында жұмыртқа өндірісі азайды.

«Аудан әкімдеріне, жағдайды реттеуді тапсырамын. Жергілікті атқарушы органнан көмек керек болса, ұсыныстарыңызды айтыңыздар. Біз қарастыруға дайынбыз», – деп толықтырды Ғауез Нұрмұханбетов.

Тағы оқыңыз: Петропавлдық дәмханалардың бірінде заңсыз еңбек еткен Өзбекстан азаматы анықталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x