Петропавлдағы №29 орта мектептің оқушылары оқу жылы аяқталса да білім ұясында жүр. Олар қазіргі таңда оқу орнының бау-бақшасын баптап, айналасын күл-қоқыстан тазартуда, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Білім ордасында 870-тен астам бала оқиды. Оқу жылының аяқталғанына қарамастан мектеп аумағында балалар жүр. Бірақ бұл жолы ұл-қыздардың қолында қалам мен дәптер емес, тырма мен суқұйғыш.

Петропавлдағы №29 мектепте оқушылар тазалық шараларын жүргізуде
Петропавлдағы №29 мектепте оқушылар тазалық шараларын жүргізуде

«Ақпан айынан бастап біз мектебімізге гүл көшеттерін отырғыздық. Бүгінгі таңда көріп отырғандарыңыздай, мектеп алды көгалданып, әдемі болып отыр. Мамыр айынан бастап әр жұма сайын балалар келіп, гүлдерге су құяды. Мұндағы негізгі мақсат – балаларды табиғатты аялауға үйрету әрі еңбекқорлыққа баулу. Біз қыркүйекке дейін арнайы кесте бекітіп қойдық. Келіп көмектескен оқушыларға рахмет», — деді №29 орта мектебі жанындағы «Жасыл кеудеше» үйірмесінің жетекшісі Гүлден Ақмағанбетова.

Игі іске 5-ші және 10-шы сынып аралығындағы 400-ге жуық бала қатысады. Олар мектепке арнайы кесте бойынша келіп отырады. Бірақ ұстаздар балаларды әдейілеп шақырмайды екен. Гүлдерді суаруға, оның айналасын қоқыстан тазалап, арамшөбін жұлуға ұл-қыздар өз еркімен келеді.

Айта кету керек, игі бастама «Таза Қазақстан» акциясында жүргізіліп жатыр. Шара қыркүйекке дейін жалғасады. Бұл өз кезегінде ұл-қыздардың арасында экологиялық мәдениеттің қалыптасуына әсер етеді.

Тағы оқыңыз: Петропавлда «Құқықтық көмек» акциясы өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *