Соңғы бір аптада Петропавлда қоғамдық тәртіпті бұзған 25 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың арасында балағат сөз айтып, азаматтарға тиісіп, қоғамдық тыныштықты бұзғандар бар, деп хабарлайды Qazaqstan Media. 

Полиция мәліметінше, құқық бұзушыларға айыппұл салу, 15 тәулікке дейін әкімшілік қамау және 60 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту жазалары қолданылған.

Бұдан бөлек, жеті күн ішінде патрульдік полиция қоғамдық орындарды ластаудың 18 дерегін анықтады. Бұл құқық бұзушылықтар үшін 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу немесе қоғамдық жұмыстарға тарту қарастырылған.

Соңғы күндері өңірде аза тұту күніндегі талаптарды елемеу, рұқсатсыз граффити салу, көші-қон заңнамасы мен абаттандыру ережелерін бұзу фактілері де тіркелген. Тәртіп сақшылары мұндай шаралар тұрғындардың тыныштығын сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті. «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ екенін полиция тағы бір мәрте еске салды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да «Келісім аумағы» акция-челленджі өтті

Поделиться:

Shares