Қарттар күніне орай Солтүстік Қазақстан облысында «Аға ұрпаққа қамқорлық» атты акция ұйымдастырылды. Игі бастама аясында волонтерлер мен белсенді жастар «Надежда» қарттар үйіне барып, мекеме аумағын абаттандыру жұмыстарына қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

СҚО-да «Аға ұрпаққа қамқорлық» акциясы өтті. Шарп Қарттар күніне орай ұйымдастырылды. Игі бастама аясында волонтерлер мен белсенді жастар «Надежда» қарттар үйіне барып, мекеме аумағын абаттандыру жұмыстарына қатысты.

Жастар ауланы қоқыс пен қураған жапырақтардан тазартып, аумақты ретке келтіруге көмектесті. Сонымен қатар аға буын өкілдерімен жүздесіп, оларға құрмет пен ізгі ниетін білдірді.
Шара соңында қатысушылар қарттар үйінің тұрғындарымен бірге дастархан басында бас қосып, ән шырқады.

«Іс-шараның басты мақсаты – әлеуметтік нысан аумағын абаттандырумен қатар, аға буынға қамқорлық танытып, олардың қоғамдағы орнын дәріптеу», — Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығының маманы Айсұлу Бекімова.

Тағы оқыңыз: https://qaz-media.kz/kk/petropavlda-bir-aptada-birneshe-adam-balaghat-soez-ajtyp-adamgha-til-tigizgeni-ueshin-zhawapqa-tartyldy/

Поделиться:

Shares