Бүгін Петропавлдың басты алаңында Ұлы Жеңіс күні тойлануда. Өнер ұжымдары ауқымды концерт ұйымдастырып, тұрғындардың көңіл күйін көтерді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Мұндағы халықтың қарасы қалың. Дүйім жұртқа арнап қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары концерт ұйымдастырып отыр. Мерекелік іс-шара тұрғындардың көңілінен шықты.
Мерекелік концертке қалалық мәдениет үйінің «Звонница-наследие» ансамблі де қатысуда. Бүгін ұжымның 40-қа жуық өкілі өздерінің арнайы дайындаған билері мен әндерін қала тұрғындарына паш етті.

«Бүгін біздің ансамбль бірнеше ән шырқады. Бұл мерекеде біз жыл сайын өнер көрсетеміз. Репертуарымыз бай. Көрсеткен өнеріміз қала тұрғындарының, қонақтарының көңілінен шығады деген ойдамын», — деді «Звонница-наследие» ансамблінің солисі Евгения Чумак.
Айта кету керек, қан майданнан аман оралған солтүстікқазақстандық ардагерлер бүгінде арамызда жоқ. Облыста Ұлы Жеңіс күні жеңіс жауынгерлерінсіз аталып отыр. Бірнеше күн қатарынан халық жауынгерлердің рухына тағзым етіп, майдангерлерге арналған ескерткіштерге гүл шоқтарын қоюда.
Тағы оқыңыз: Петропавлдағы Жеңіс саябағындағы ескерткішке гүл шоқтары қойылды

