Бүгін Жеңіс саябағында да гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Бұл шараға да жүздеген жерлесіміз жиналып, ата-баба рухына тағзым етті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай ұйымдастырылған салтанатты шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты. Түрлі орган, қауымдастық пен ұйым өкілдері де бой көрсетті. Барлығы сап түзеп, Жеңіс стеласына гүл шоқтарын қойып, ата-баба рухына тағзым етті. Кейін бір минут үнсіздік жарияланды.
Мұнда жүрген әрбір жанның айтары бар. Қан майданға біреуінің әкесі, енді біреуінің атасы қатысқан. Еске алушы ұрпақ тұрғанда батыр ерлердің есімдері ешқашан ұмытылмайды. Мархаба Сыздықованың әкесі Батталғазиз Сағидұлы 17 жасынан соғысқа аттанған. Нәзікжанды өзін батырдың қызымын деп санайды. Әкесінен қалған естеліктерді ешқашан ұмытпайды.

«Менің әкем соғысқа 1942 жылы аттанды. Майдандастарымен бірге Польшаға дейін жеткен. Соғыста кеудесіне оқ тиді. Салдарынан ерте өмірден өтті», — деді нәзінжанды.
Кейін жиналғандардың барлығы Жеңіс саябағындағы сахнаға қарай беттеді. Мұнда арнайы концерт өтті. Өнер ұжымдары соғыс жылдарындағы әндерді шырқады.
Тағы оқыңыз: СҚО тұрғындары Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің рухына тағзым етті

