Петропавлда тұрғындар арналған интеллектуалды ойын ұйымдастырылды. Шара «Таза Қазақстан» акциясы аясында өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Петропавлда «Green City Day» интеллектуалды ойыны өтті. Ігі бастамаға қала тұрғындары мен ерікті жастар қатысты. Бұл жолғы шара басқаларынан ерекше. Ұйымдастырушылар тұрғындарға қоршаған ортаны қорғаудың маңызын ойын және логикалық тапсырмалар арқылы түсіндірді.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өткізіліп жатқан бұл шара халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған. Біздің мақсатымыз – тұрғындарды табиғатты қорғауға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үйрету. Бүгін қатысушылар арнайы станциялардан өтіп, қоқысты дұрыс сұрыптау мен қалдықтарды қайта өңдеу жолдарын үйренеді», — деді СҚО ІСБ қоғамдық даму және ақпарат орталығының бөлім басшысы Анастасия Волкова.
Жыл басынан орталық мамандары экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған шараларды көп өткізді. Игі дәстүр алдағы уақытта да жалғасые табады.
Тағы оқыңыз: Айыртау ауданында ауқымды экологиялық фестиваль өтті

