Петропавлда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған шара өтті. Шара аясында ұйымдастырушылар тұрғындармен тілдесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Шара сауда үйлерінің бірінде өтті. Себебі, мұнда адам көп жүреді. Басты мақсат – тұрмыстық зорлық-зомбылықиык алдын алып, тұрғындарға құқықтық көмекті қайдан және қалай алу керек екендігін түсіндіру.

«Бұл – айлық акция. Оның барысында түрлі іс-шаралар ұйымдастырдық. Аталған жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады. Мысалы, 3 маусым күні Қазақстан Конституциясы көшесінде шамамен 200 адамды қамтитын ауқымды іс-шара өтеді. Ал бүгін біз тұрғындарға ақпараттық буклеттер тараттық. Онда көмекке жүгінуге болатын байланыс нөмірлері мен қажетті ақпарат көрсетілген. Сонымен қатар, тұрғындардың назарын осы мәселеге аудару үшін көліктерге арнайы жапсырмалар жапсырамыз», — деді Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Дамир Әбдин.

Акция барысында тәртіп сақшылары да тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Полиция қызметкерлерінің сөзінше, осы сияқты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың төмендеуіне септігін тигізуде. Айта кету керек, ағымдағы жылы облыста тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған 600 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұдан бөлек, 14 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Тағы оқыңыз: Петропавлда тұрғындар арналған интеллектуалды ойын өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *