Айыртау ауданында «EcoFest ImanTau-Shalkar 2026» экологиялық фестивалі өтті. Шараға облыстың түкпір-түкпірінен жастар қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Шара елге танымал Шалқар көлінің маңында өтті. Фестиваль «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылды. Шараға облысымыздың түкпір-түкпірінен жастар, еріктілер мен белсенділер қатысты.

Фестиваль аясында қатысушылар маңайды күл-қоқыстан тазартты. Түрлі шеберлік сабақтары өтті. Сонымен қатар, командалық байқаулар өтті. Дараланғандары бағалы сыйлықтар табысталды.

Шараның басты мақсаты — халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Сонымен қатар, жастарды қоршаған ортаның тазалығына бейжай қарамауға үйрету.

Тағы оқыңыз: СҚО-да егіс науқаны аяқталуға жақын

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *