Петропавлда полиция қызметкері үшінші қабаттың балконынан секірмек болған әйелді құтқарып қалды

Отбасылық жанжалдың соңы қайғылы аяқтала жаздады. Тамыз айында петропавлдық әйел күйеуімен ұрсысып қалып,  үшінші қабаттан секірмек болған. Бұл оқиға туралы Дамир Кежеғарин жол қауіпсіздігі тақырыбы бойынша жүргізушілерге бейне өтініш жазу кезінде бөлісті, – деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға тамыз айында орын алған. Сағат түнгі он шамасында полицияның кезекші бөліміне отбасылық жанжал туралы хабарлама түседі. Ер адам мас болып, үйінде ұрыс шығарыпты. Тәртіп сақшылары шақыртуға барып, отағасын тыныштандырып жатқан кезде, әйел балконға шығып кеткен. Петропавл қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкері Дамир Кенжеғарин оның  сыртқы терезені ашып тұрғанын көріп қалады. Жылдам қимылдап, келіншекті секірмек болған жерінен аман алып қалады.   Әйелдің айтуынша, ол “жанжалдан шаршаған”. Полицейлер жанжалқорға қатысты әкімшілік материал жинады.

Тағы оқыңыз: Облыстың 21 азаматына алимент төлемегені үшін қылмыстық іс қозғалды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x