Қазақстанда алимент төлемегені үшін 1618  адам іздестірілуде.Оның 1476-сы ерлер болса, қалған 142-сі әйел адамдар екен. Алимент төлемегені үшін СҚО 21 азаматына  қатысты қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі  комитетінің статистикалық деректеріне сүйенсек,іздестіруде жүргендердің көбі 31 жастан 40 жасқа дейінгі азаматтар екен.

Астана – 361,

Алматы – 191,

Ақтөбе – 143,

Қостанай – 140,

Жамбыл – 140,

Павлодар – 108,

Алматы – 102,

Маңғыстау – 59 облыстарында іздеуге салынғандар.

2023 жылдың 9 айында СДТБТ-да алимент төлеу жөніндегі міндеттерді қасақана орындамау фактілері бойынша 427 қылмыстық іс тіркелген

Аймақ бойынша мұндай қылмыстық құқық бұзушылықтадың ең көп бөлігі :

Маңғыстау – 46,

Алматы (о) – 45,

Қостанай – 44,

Шығыс Қазақстан – 43,

Павлодар – 40,

Қарағанды – 35,

Абай – 32,

Ақмола – 26,

Солтүстік Қазақстан-21,

Астана (қ) – 17 облыстарында тіркелген.

Осы кезеңде Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша 207 адам сотталды.4 адам бас бостандығынан айырылса, 2-еуі шартты түрде сотталған. 196 адам бас бостандығынан шектетілді,5-еуі қоғамдық жұмысқа жұмылдырылды.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x