қандала

Петропавлдағы 2-ші Первомай көшесіндегі 3-ші үйдің тұрғындары көршілерінің үстінен шағым түсірді. Айтуларынша, пәтерде қандала қаптап кеткен. Қазір қансорғыштар өзге үй-жайларға да тарап жатыр. Алайда пәтер иесі дезинфекция жүргізуге рұқсат бермей отыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бұл үйде жетімдер, көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандар тұрады. Соңғы уақыттары мұндағы пәтерлердің бірінде қандала, тарақан мен бит қаптаған. Алайда қансорғыштар жайлаған пәтердің иесі дезинфекция жасауға асығар емес.

қандала

«Біз осы үйде 2020 жылдан бері тұрамыз. Көпбалалы отбасы болғандықтан әкімдік осы жерден пәтер берді. Мұнда менен басқа тағы 35 көпбалалы жанұя тұрады. Жуырда баспанаға тағы бір отбасы көшіп келді. Содан бастап бізден маза кетті. Пәтерлерінде қандала пайда болды. Өздеріне айтып көріп едік үйіміз таза, бізде ештеңе жоқ деді. Кейін өтіріктері ашылғасын жәндіктерді улаймыз деп жалған уәде берді. Біз дезинфекция жасайтын мекемеге ақша жинап, көмектескіміз де келді. Бірақ олар бұдан да бас тартып отыр»,-дейді қала тұрғыны Вероника Петрова.

Қалған тұрғындар өз пәтерлерінде дезинфекция жұмыстарын жүргізген. Алайда қауіпті қансорғыштардың таралу ошағы жойылмағандықтан, одан еш нәтиже жоқ. Мемлекеттік органдарға жіберілген өтініштерден де көмек болмады. Ақырында шыдамы таусылған тұрғындар құқық қорғау органдарының өкілдерін шақырған. Тек профилактикалық әңгімеден кейін отбасы дезинфекцияға келісім берген.

қандала

«Бүгін пәтерді жеке меншік дезинфекция жасайтын мекеме келіп тексерді. Қандаланың бар екені анықталды. Кейін басқа пәтерлерді де қарады. Енді бәрі ақшаға келіп тіреледі ғой. Керекті сомманы жинаймыз»,-дейді қала тұрғыны Виктор Киселев.

Тағы оқыңыз: Петропавлдағы өрт сөндіру депосының құрылысы кешеуілдеп жатыр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x