өрт сөндіру депосы

Былтыр Петропавлдағы «Береке» шағын ауданында өрт сөндіру депосы салына бастады. Алайда құрылыс кешеуілдеп жатыр. Мұндағы жұмысты бүгін өңірге келген ҚР ТЖ министрі Юрий Ильин көрді. Сондай-ақ, ол «Пёстрое» көлінің маңында бой көтеріп жатқан жедел-құтқару жасағына арналған кешенге де соқты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

өрт сөндіру депосы

Пестрое көлінің маңында орналасқан нысаның құрылысы 2021 жылдың күзінде басталды. Іске жауапты «Аквабилд» серіктестігі шаруаны тамыз айының соңында аяқтауды жоспарлап отыр. Нысанның жалпы ауданы 1 200 шаршы метрді құрайды. Оның ішіне арнайы техника, жүзу құралдары мен кинологиялық иттер орналастырылады. Мұндай жобалар төтенше жағдайлардың алдын алуға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді деді министр Юрий Ильин.

«Қазіргі таңда ел бойынша кадр жетіспеушілігі бар. Бұл мәселе біртіндеп шешіліп келеді. Ең алдымен біз құтқарушылардың еңбекақасын өсірдік. Қазіргі таңда осы салаға алғаш қадам басқан мамандардың жалақысы 90 мыңнан 180 мыңға дейін көбейтілді. Алдағы 3 жылда жалақы мөлшері тағы өсіріледі»,-дейді ҚР ТЖ Министрі Юрий Ильин.

өрт сөндіру депосы

Кейін министр Береке шағын ауданында өткен жылдың қыркүйек айында салына бастаған өрт сөндіру депосының ғимаратына барды. Нысанның құрылысына ел қазынасынан 1 млрд 112 млн теңге бөлінді. Дегенмен, құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты бұл жерде жұмыстар баяу жүріп жатыр. Мердігер компания «Алфа Север» ЖШС-і мүмкіндігінше өз қаржысын құйған. Жұмысты толығымен аяқтау үшін қосымша 800 млн қажет. Сол себепті, жобалық сметалық құжаттамаға түзетулер енгізу жоспарлануда.

«Өрт сөндіру депосы арнайы техниканың 4 бірлігімен қамтамасыз етіледі. Бұл жерде 95 маман еңбек етеді. Бұдан бөлек, дәл осы жерде қызметкерлерге арналған 6 пәтерлі үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жалпы қазіргі таңда депо 34 пайызға дайын. Жұмысты толығымен 2024-ші жылдың жазына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз»,-дейді СҚО ТЖД өрт сөндіру қызметі басқармасының бас маманы Руслан Сәдуақасов.

өрт сөндіру депосы

Жалпы, қазіргі таңда ел бойынша 14 өрт сөндіру бөлімінің құрылысы жүріп жатыр.

өрт сөндіру депосы

Тағы оқыңыз: Биыл Тайынша ауданына оңтүстіктен 19 отбасы көшіп келді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x