Петропавлда есірткімен ұсталған нашақор жігіт түрмеде емделетін болады

Есiрткiнi аса iрi мөлшерде сатқаны үшiн ұсталған 28 жасар петропавлдық емделуге жіберілді. Ол енді түрмеде отырып есірткіге тәуелділіктен арылатын болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Нашақорды биыл сәуір айында облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұстаған. Одан ең ірі көлемдегі синтетикалық есірткі тәркіленді. Кейін зерттеу нәтижесі алынған заттың α -PvP және «мефедрон» екенін анықтады. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы – 250 гр.

Ұсталған 28 жасар петропавлдық полицейлерге психотроптық заттарды тарату бойынша интернет-дүкенде жұмыс істей бастағанын және 4 жасырын орын ұйымдастырып үлгергенін мойындады.

«Қазіргі уақытта сот оны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Электрондық ақпараттық ресурстарды пайдаланып, топ құрамында алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі мөлшерде есірткі өткізгені үшін оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұдан басқа, сотталушы есірткіге тәуелді деп танылғандықтан, оған жазаны өтеу орны бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылатын болады», – деді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.

Жыл басынан бері облыс аумағында есірткі өткізудің 115 фактісі тіркелген, заңсыз айналымнан 740 кг жуық түрлi есiрткi құралдары алынды.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда танымал ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу басталды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x