Мереке күндері емханаларда кезекші дәрігерлер жұмыс істейді

Жаңа жыл мерекесіне орай қазақстандықтар 4 күн демалады. Бірақ мереке күндері жүмыс істейтін қызметтер де бар. Солардың бірі – медицина саласының өкілдері. Демалыс күндері емдеу мекемелерінде  кезекші дәрігерлер пациенттерді қабылдайтын болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Демалыс не мерекелерде емханалар жабық болады деп ойлайтындар қатты қателеседі. Бұл күндері емханаларда кезекші мамандар қабылдау жүргізеді. Кезекшілік денсаулық сақтау басқармасының және медицналық ұйымның бұйрығы арқылы бекітіледі.

«Егер науқасқа өзге, тар салалы дәрігердің көмегі қажет болса, маман шақыртылады. Сонымен қатар, шалғайдағы ауыл тұрғындарына да шұғыл дәрігерлік көмек қажет болса, міндетті түрде қызмет көрсетіледі. Емханалардың барлығында кезекші мамандар болады», – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар жедел жәрдем қызметі де жұмысын тоқтатпайды. Ауруханаларға пациенттерді қабылдау, қажет болса шұғыл күрделі оталар да жасалады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да боранды күні жолда қалған 4 адам құтқарылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x